Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында көктемге дейін инвестициялық құралдарды бір жүйеге келтіретін жоспар талап етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Аграрлық кредиттік корпорация мен "ҚазАгроҚаржының" қолданыстағы инвестициялық құралдары өтінімдерді ұзақ қарайды әрі рәсімделу тәртібі қиын. Сондай-ақ цифрландыру жағы жеткілікті деңгейде емес.
Сондықтан Үкімет "Бәйтерек" холдингімен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін ұсынғаны жөн", – деді Президент.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу