Президент Air Astana басшысына отандық авиацияны одан әрі арттыруды тапсырды

238

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады. 

Президент Air Astana басшысына отандық авиацияны одан әрі арттыруды тапсырды Фото: Ақорда

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу