Президент: Аймаққа тартылған инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі

111

Қазақстан тауарлары мен отандық бизнеске кез келген шекара ашық. 

Президент: Аймаққа тартылған инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі Фото: Ақорда

Президент "Орталық Азия плюс" форматына сұраныс артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Орталық Азия плюс" форматына сұраныс артып келеді. Биыл аймақ елдері Еуропа Одағымен, Италиямен, Қытаймен, Ресеймен, АҚШ-пен және Жапониямен бірлескен келіссөздер жүргізді", – деді Мемлекет басшысы.

Аймаққа тартылған инвестицияның 60 пайыздан астамы Қазақстанға тиесілі.

"Инвестициямен бірге жаңа технология, білім келеді, бірлескен ғылыми-техникалық орталықтар мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады.

Қазақстан тауарлары мен отандық бизнеске кез келген шекара ашық. Сондықтан барша шетелдік серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық құру – заман талабы, тіпті, өмірлік қажеттілік.

Осылайша, Қазақ елі жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басып келеді. Біз осы бағыттан таймай, әлі де көп жұмыс істеуіміз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу