Президент әкімдік пен сыртқы істер министрлігіне талап қойды

941

Елорданың инвестициялық тартымдылығы төмендеп кетті. 

Президент әкімдік пен сыртқы істер министрлігіне талап қойды

"Бізге ең әуелі мына мәселелерді шешу қажет. Бірінші, Нұр-Сұлтан қаласы бизнес үшін қолайлы экономикалық орта болып қалуға тиіс. Бұл үшін инвестиция тартуға басымдық берілуі керек. Астана бұған дейін инвестиция тарту көрсеткіші бойынша алда болды, болашақта да осылай болуға тиіс. Жыл сайын қалада инвестициялық, экономикалық форумдар ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының мәлімдеуінше, соңғы 10 жылда бірінші рет астанаға тартылған инвестиция көлемі азайғаны анықталған. Бұл қуанарлық жағдай емес екенін тілге тиек еткен президент: "Дәл қазір Астана Қазақстан қалаларының алдыңғы қатарында тұрған жоқ. Мен сыртқы істер министрі мен қала әкімінің назарын көңіл көншітпейтін көрсеткішке аударамын. Жағымсыз тенденцияның алдын алу керек. Әкімдік пен сыртқы істер министрлігі жұмысты күшейтіп, таяу болашақта нақты нәтиже көрсетуі керек", – деп қорытты сөзін Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу