Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

380

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі тағайындалды Фото: Instagram/bakhyt_esimova

"Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Есімова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Бақыт Есімова Павлодар облысында дүниеге келген. Санкт-Петербург мемлекеттік инженерлік-экономикалық университетін бітірген (2006, "Болашақ" бағдарламасы бойынша).

Еңбек жолы: "Қазақстан жастары конгресі" заңды тұлғалар қауымдастығының менеджері, атқарушы директор кеңсесінің басшысы (2006-2007); "Сауда саясатын дамыту орталығы" акционерлік қоғамының сарапшысы (2007-2008); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің стратегиялық жоспарлау және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы (2008-2010); Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті басшысының орынбасары (2010-2011); Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің басшысы (2011-2013); Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы (2013-2015); "Астана қаласының Ішкі саясат департаменті" мемлекеттік мекемесінің басшысы (2015-2020); Қостанай облысы әкімінің орынбасары (2020-2022).

2022 жылдың мамыр айынан ҚР Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшысының орынбасары болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу