Президент Ақтөбедегі құбыр зауытын аралап көрді

257

Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. 

Президент Ақтөбедегі құбыр зауытын аралап көрді Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы болат құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Құны 3,5 миллиард теңге болатын нысан биыл шілде айында пайдалануға берілген.

Зауыт құрылтайшысы Мирғали Бурбаевтың айтуынша, қазір өндіріс орнында құбырларды, металл әзірлемелерін дайындайтын қондырғылар іске қосылған.

Президентке зауытты дамытудың ұзақмерзімді жоспары баяндалды. Кәсіпорын алдағы уақытта шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыруды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу