Президент бүгін Балалар үйінің тәбиеленушілеріне пәтер кілтін табыстайды

971

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен барды.

Президент бүгін Балалар үйінің тәбиеленушілеріне пәтер кілтін табыстайды

"Президент бүгін "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, Балалар үйінің тәбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады",– деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев "Tech Garden" инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен таныспақ.

"Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығында болады. Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу