Президент атынан Бауыржан Момышұлының мұрагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды

377

Бұл туралы Ақорда хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент атынан Бауыржан Момышұлының мұрагерлеріне мемлекеттік наградалар табысталды Фото: akorda.kz

Президент атынан "Халық қаһарманы" атағына ие болған Бауыржан Момышұлының туыстарына Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені табысталды. 

2025 жылдың соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында аты аңызға айналған қолбасшы Бауыржан Момышұлына "Халық қаһарманы" атағын беру туралы шешім қабылдап, тиісті Жарлыққа қол қойған еді.

Осыған орай Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Алматы қаласында Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырдың келіні Зейнеп Ахметова мен немересі Ержан Момышұлына Президент атынан айрықша мемлекеттік наградалар – Алтын жұлдыз бен "Отан" орденін табыстады.

Салтанатты рәсім барысында Ерлан Қарин Бауыржан Момышұлының қазақ халқы үшін батырлықтың, қайсар рух пен отансүйгіштіктің символына айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының бұл шешімі тарихи әділдікті қалпына келтіріп, халықтың батырға деген құрметін одан әрі нығайтты.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлігі жас ұрпақ үшін тағылымды үлгі болып қала беретінін айтты.

Айта кетейік, жуырда Бауыржан Момышұлына ресми түрде "Халық қаһарманы" атағы берілген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу