Президент ауыл шаруашылығы мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды

1203

Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру көлемі 3 есе артып, 170 млрд теңгеге жетті.

Президент ауыл шаруашылығы мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды

Көктемгі науқанды бастаған шаруалар жанар-жағармай мен тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл туралы Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комиссияның отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

"Көктемдегі ауыл шаруашылығы мәселелеріне баса назар аудару керек. Елдің оңтүстігінде қазірдің өзінде егін егу жұмыстары жүргізілуде (30% аяқталды). Басқа аймақтарда көктемгі дала жұмыстары бір ай ішінде басталуға тиіс. Фермерлер айналым қаражатымен, пестицидтер мен тыңайтқыштармен, сапалы тұқымдар мен жанар-жағармаймен қамтылуы қажет. Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру көлемі 3 есе артып, 170 млрд теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің карантиндік қалаларға үздіксіз кіруін қамтамасыз ету керек. Оларға жедел түрде "жасыл" аймақ арқылы өткізу құжаты берілуге тиіс. Бұл көктемгі дала жұмыстарын бастайтын фермерлерге де қатысты мәселе", – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Президент дизель отынының сапасын сынға алды.

"Дизель отынының сапасына сын айтылуда. Фермерлер сапасыз жанармайдың салдарынан қымбат ауыл шаруашылығы техникасы істен шыққаны туралы фактілер келтіруде. Осы орайда Энергетика министрлігі мен әкімдіктер жанар-жағармайдың көлемін ғана емес, сапасын да бақылауы тиіс. Сапасыз ЖЖМ тасымалдау – экономикаға ғана емес, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді", – деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу