Президент ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

899

Басты мақсат – ел халқын әлеуметтік маңызы бар азық-түліктік тауарлармен қамтамасыз ету. 

Президент ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында осылай деп мәлімдеді. Сондықтан ол Үкімет пен кәсіпкерлерге АӨК-ті дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. 

"Қазіргі агро өнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасы келесі жылы аяқталады. Үкіметке бизнеспен бірігіп бес жылдық жаңа сапалы ұлттық агро өнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Біздің негізгі мақсатымыз – әлеуметтік маңызы бар азық-түліктік тауарлармен өзімізді қамтамасыз ету, миллиондаған ауыл тұрғындарының тұрақты түрде кірініс көбейті, еңбек өнімділігін 1,5 -2 есе, өнім экспортын 2 есе арттыру", – деді Мемлекет басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу