Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

457

Бақтықожа Ізмұхамбетов "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің биыл арналған жоспарымен бөлісті.      

Президент Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бақтықожа Ізмұхамбетов "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен биылға арналған жоспарын баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың жүзеге асуына "Ардагерлер ұйымы" да атсалысып жатқаны туралы айтылды.

Сонымен қатар республикалық қоғамдық бірлестіктің төрағасы елдің әлеуметтік-экономикалық бағытына қатысты бірқатар ұсыныс берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу