Президент "балалардың болашағы үшін" деп тағы бір қор ашуды ұсынды

590

Оған Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ы аударылып отырмақ. Балаларда 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығы болмайды. 

Президент "балалардың болашағы үшін" деп тағы бір қор ашуды ұсынды

Мұндай ұсынысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты қайтарым алуы тиіс. Сондықтан балалар жылы аясында "Ұлттық қор – балаларға" деген жаңа бағдарламасын бастау өте маңызды деп санаймын", – деді ол. 

Кәмелетке толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға бағытталатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді, деп есептейді Тоқаев.

"Қор шын мәнінде ұлттық мәртебеге ие болады және халықтың мүдделеріне қызмет ететін болады. Осы ауқымды бастаманы тыңғылықты пысықтау қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын", – деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу