Президент балалардың мерекелік фестиваліне барды

737

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Алматы БалаFEST" қалалық балалар фестивалінің қорытынды іс-шарасына барды, деп хабарлайды  inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент балалардың мерекелік фестиваліне барды

Ботаникалық бақта өтіп жатқан "Алматы БалаFEST" мерекелік балалар фестивалі Президент жариялаған "Балалар жылы" аясында ұйымдастырылды.

Ботаникалық баққа бір ай бойы байқауға қатысқан әртүрлі жастағы балалар жиналды. Қала мектептерінің, гимназиялардың, интернаттардың 5 пен 17 жас аралығындағы 300 мыңнан астам оқушысы қабілетін, шеберлігін және дарынын көрсете отырып, спорт, шығармашылық және интеллектуалдық сайыстарға қатысқан.

Ботаникалық бақ аумағында бірнеше негізгі аймақ бар:
– "ART SPACE" аймағы
– "Кітаптар қазынасы" кітап көрмесі
– "ECO LAB" экологиялық аймағы
– "Шахмат әлемі" аймағы
– "ROBO LAND" аймағы
– "Жас өрендер" концерт алаңы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу