Президент: Барлық мемлекеттік қызметшіден өз жұмысын адал атқаруды талап етемін

438

​Қолынан іс келетін және елге беріле қызмет жасайтын азаматтарға ғана ортамызда орын бар. 

Президент: Барлық мемлекеттік қызметшіден өз жұмысын адал атқаруды талап етемін

Бұл туралы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Басқа маңызды әрі өзекті мәселелер бойынша шешімдерді кейінірек жариялаймын. Тағы да қайталап айтамын, алда атқаратын шаруа көп. Бұл – жеңіл жұмыс емес, бірақ елге пайдасы тиетін қызмет. Мен бүкіл мемлекеттік аппараттан осы міндетті абыроймен орындауды талап етемін. Қолынан іс келетін және елге беріле қызмет жасайтын азаматтарға ғана ортамызда орын бар", - деді Қ. Тоқаев.

Осы орайда Мемлекет басшысы өз ісіне адал адамдарға қолдау көрсетілетінін, қоғам оларға құрмет білдіретінін атап өтті.

"Халқымыздың нақыл сөзін сәл түрлендіріп айтсақ: "Байлық пен мансап – қолға ұстаған мұз, ериді де кетеді. Ал, елге жасаған қызмет – артта қалған із, ол ұрпақтан ұрпаққа жетеді". Осыны әр азамат түсінуі керек. Ел мүддесі – бәрінен биік. Мен барлық мемлекеттік қызметшіден өз жұмысын адал атқаруды талап етемін", - деді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу