Президент Берік Имашевты ОСК басшысы етіп қайта тағайындады

636

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Имашевты Орталық сайлау комиссиясының төрағасы етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. 

Президент Берік Имашевты ОСК басшысы етіп қайта тағайындады

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Берік Мәжитұлы Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы лауазымына тағайындалды", – деп жазылған таратылған хабарламада.

Қазақстанның ОСК төрағасы 5 жылдық мерзімге тағайындалады. Имашев ОСК -ны 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап басқарады.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу