Республикалық тамыз конференциясы аясындағы іс-шара саланы дамытудың заманауи тәсілдеріне арналған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Президентке "Талдау орталығының" жұмысы және жасанды интеллектіні пайдаланатын талдау құралдары көрсетілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұғалімнің сабаққа әзірленуіне көмектесетін WONK педагогтің АІ-ассистенті таныстырылды.
Содан кейін Мемлекет басшысына Qalam AI, Beyim AI, TopIQ және E-OQULYQ цифрлық шешімдері қолданылатын 3-сыныптағы математика сабағының үзіндісі көрсетілді.
Бұдан бөлек, Президент заманауи балалар басылымдарымен, соның ішінде әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі аудармасымен, сондай-ақ, ғылым, инженерия, робот техникасы мен инновация саласындағы оқушылар жетістіктерімен танысты.
