Президент бірқатар өкілеттігінен айырылады

672

Президентте аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін қызметінен алып тастау құқығы болмайды. 

Президент бірқатар өкілеттігінен айырылады

Жаңалықты Әділет вице-министрі Алма Мұқанова жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Осыған байланысты биліктің өкілді тармағын қайта форматтау ұсынылады.

"Мәслихаттардың субъективтілігі мен дербестігін нығайту үшін мәслихат төрағасы лауазымын енгізу ұсынылады. Жергілікті өкілді органдардың сайлау жүйесін жетілдіру: облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана мәслихаттары депутаттарының жартысы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша, ал екінші жартысы партиялық тізімдер бойынша сайланатын болады. Сондай-ақ, аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын болады", – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ әкімдерді тағайындау және сайлау тәртібін өзгерту жоспарлануда.

"Біріншіден, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерін тағайындау Мемлекет басшысының баламалы негізде мәслихаттардың қарауына кемінде екі кандидатура ұсынуы арқылы жүзеге асырылады. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес 2021 жылы жергілікті деңгейде әкімдерді сайлау институты кезең-кезеңімен енгізілуде", – деп жалғастырды Мұқанова.

Бейтарап сарапшылар бұл бастамалар соншалықты өзгеріс әкелетініне сенбейді. Себебі президент қала, ауыл, аудан әкімдерінің үстінен қарайтын облыс әкіміне кандидатты өзі ұсынады. Сарапшылар үкіметті толығымен парламентке есеп беретін орын ретінде қалыптастыру керек деп есептейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу