Президент бүгін БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға қатысады

587

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де http://webtv.un.org/ сайтынан көрсетіледі.

Президент бүгін БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға қатысады  Фото: Серікжан Қобыланбаев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін "COVID-19 тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру" атты жоғары деңгейдегі форумға қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

"БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара бейне конференция форматында өтеді. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді", – деп жазды Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында.

Берік Уәли таратқан ақпаратқа сүйенсек, сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдо, Германия Канцлері Ангела Меркель, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлемек.

Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де http://webtv.un.org/ сайтынан көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу