Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Құжат Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің осы саладағы заңнамаларын үйлестіруге және техникалық регламенттер талаптарының орындалуын бақылау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Аталған заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу