Президент Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

789

2023 жылы ГРЭС-1 энергоблоктарын жаңғырту жұмыстары аяқталады.

Президент Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұз ГРЭС-2 үшінші блогының құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Менің тапсырмам бойынша Екібастұзды дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары әзірленді. Оның негізгі бағыттары туралы облыс әкімі баяндады. Жоспар халықпен пысықталды, үкіметпен және әкімшілікпен келісілді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту жөніндегі республикалық кеңесте.

"Екібастұз – бүкіл елдің отын-энергетикалық орталығы, сондықтан 2023 жылы ГРЭС-1 энергоблоктарын жаңғыртуды аяқтау өте маңызды. ГРЭС-2-нің үшінші блогының құрылысын аяқтау қажет. Құрылысты 2024 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырамын", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу