Президент елден 10 мың доллардан аса шетел валютасын әкетуге тыйым салатын жарлыққа өзгеріс енгізді

519

Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын шетел валютасын әкетуге салынған тыйым енді Ұлттық банктің операцияларына және тазартылған алтын экспортына қатысты емес, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Президент елден 10 мың доллардан аса шетел валютасын әкетуге тыйым салатын жарлыққа өзгеріс енгізді

2022 жылғы 11 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2022 жылғы 14 наурыздағы жарлыққа өзгерістер енгізу туралы жарлыққа қол қойды.

Құжат Қазақстаннан 10 мың доллардан асатын валютаны әкетуге тыйым салу мыналарға қолданылмайды деген тармақпен толықтырылды:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның құрылымына кіретін ұйымдардың операциялары;

ЕАЭО мүшесі болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және кері экспорттың кедендік рәсімімен мәлімделген шетелдік шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған тазартылған алтынды әкету;

ЕАЭО мүшесі болып табылатын мемлекет беретін шикізатты қайта өңдеуден кейін алынған тазартылған алтынды кейіннен сол мемлекеттің – ЕАЭО мүшесінің аумағына тазартылған алтынды әкете отырып, экспорттау;

екінші деңгейдегі банктердің айналымға жарамсыз қолма-қол шетел валютасын әкетуі;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жекелеген актілерінде айқындалған өзге де жағдайлар.

Жарлық 2022 жылғы 13 маусымда күшіне енеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу