Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттар тапсырды

215

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызеті мәлімдеді.

Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматқа мемлекеттік марапаттар тапсырды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы

Құрманбайұлы Шерубай – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ вице-президенті, Астана қаласы;

"Ел бірлігі" ордені

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы – "Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы" ҚБ орталық кеңесінің мүшесі, Астана қаласы;

"Құрмет" ордені

Габерман Эльдана Александровна – Қорғаныс министрлігі Орталық ансамблінің солисі

Данченко Анна Александровна – "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" КеАҚ оқытушысы, Алматы қаласы

Манкеева Жамал Айтқалиқызы – "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы

Рысберген Қыздархан Құрмашқызы – "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы;

"Ерен еңбегі үшін" медалі

Кузнецов Максим Александрович – "Кустовое негізгі мектебі" КММ мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы

Әбілқасымов Бекзада Пәкизадаұлы – "Bilim Group" компаниялар тобының бас заңгері, Астана қаласы

Әубәкіров Ержан Бейсембекұлы – "Білім Орда" халықаралық қоғамдық қорының президенті, Астана қаласы

Құрманжан Анар – "BMG UpSkill" компаниясының жоба жетекшісі, Астана қаласы;

"Шапағат" медалі

Кравчук Евгений Анатольевич – "Юрий Гагарин атындағы орта мектеп" КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Байзақ ауданы

Лагуткина Юлия Николаевна – қазақ тілі оқытушысы, Көкшетау қаласы

Пимичева Анель Витальевна – "Qostanai TV" телеарнасының редакторы, Қостанай облысы

Фролов Александр Игоревич – музыкант, әнші, Қостанай облысы; 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу