Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен ұлттар ұйымының бөлімшесі және өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Ержан Қазыханға жаңа қызметтік міндет жүктелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атап айтқанда, ол Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілі ретінде жұмыс істейтін болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу