Президент індетпен күресте алғы шепте жүргендерге алғыс айтты

869

Дәрігерлердің, полиция қызметкерлері мен еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдірді.  

Президент індетпен күресте алғы шепте жүргендерге алғыс айтты

"Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін", – деп жазды Мемлекет басшысы твиттерде.

Президент Үкімет пен әкімдердің қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдағанын тілге тиек етіп, осы "майданда" беріспей еңбек етіп жүргендерге ризашылығын жеткізді.

"Дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдіремін",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу