Президент интернет желісін қалыпқа келтіруді тапсырды

970

Жексенбі күні қазақстандықтар интернет желісінің нашар жұмыс істеп тұрғанына шағымдануда.  

Президент интернет желісін қалыпқа келтіруді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхенде (Германия) жұмыс сапарымен жүргенде Қазақстанның интернет желісіндегі ақау жайында хабардар болды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
"Мемлекет басшысы барлық ақпараттық ресурстардың жұмысын қалпына келтіруді тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Жексенбі күні қазақстандықтар интернет желісінің нашар жұмыс істеп тұрғанына шағымдануда. Әсіресе, YouTube, Telegram, Instagram-ның жүктелуі қиындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу