Президент ішкі нарыққа мұнай жеткізуді ұлғайтуды тапсырды

1773

Тоқаев Атырауда мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. 

Президент ішкі нарыққа мұнай жеткізуді ұлғайтуды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нарыққа жеткізілетін мұнайдың азаю мүмкіндігіне байланысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

"Ішкі нарықты мұнаймен қамтамасыз ету негізінен Ақтөбе және Қызылорда облыстарының кен орындары есебінен жүзеге асырылып отыр. Осы жағдайды ескерсек, отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңделетін мұнай көлемінің төмендеу қаупі бар. Ресурстарымызды барынша тиімді және ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет осы мәселені пысықтап, нақты ұсыныстар енгізуі қажет", – деді Президент.

Сондай-ақ, Президент елдің батысында орналасқан кен орындарынан республиканың басқа өңірлеріне мұнай тасымалдау мәселесіне тоқталды.

"Ол биылғы жылдың соңына дейін "Кеңқияқ-Құмкөл"  мұнай құбырының құрылысын аяқтау міндетін қойды", – делінген хабарламада.

Бейсенбі күні Тоқаев Атырауда мұнай-газ саласын дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу