Президент Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгертті

186

Бұл тұрғыда комиссия құрамына ҚР Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев енді.

Президент Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгертті Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы өзгерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

– Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін, – делінген ҚР Президентінің 2025 жылғы 17 наурыздағы Жарлығында. 

Аталған құжат бойынша ҚР Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамына Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі енгізілді. Сондай-ақ, Президенттің әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін кеңесшісі деген жол алынып тасталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу