Президент кәсіпкерлерге үндеу жасады

625

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерді коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президент кәсіпкерлерге үндеу жасады

Президент 8 айда ел экономикасы 3%-ға өскенін, мемлекет бизнеске көмектесуді жалғастыра беретінін жеткізді.

"2022 жылы "Қарапайым заттар экономикасы" және "Бизнестің жол картасы" бағдарламаларына 1 трлн-нан аса теңге бөлінеді. Қиын кезеңде ең басты міндет – адамдардың денсаулығын күту мен кәсіпкерлік белсенділікті жандандыру арасында теңгерімді табу. Мұны жаппай вакцинациялауды жүргізу арқылы қамтамасыз етуге болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өтіп жатқан "Атамекен" ҰКП-ның VIII съезінде.

Президент екпе алудың маңызды екенін атап өтті.

"Бүгін мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіпкерлік қауымдастыққа, меншік иелеріне, басшылық пен қызметкерлерге айтарым бар. Мұндағы мәселе елдің ұлттық қауіпсіздігі мен экономиканы толық іске қосу, халықтың табысын қалпына келтіру мен ең бастысы жақындарымыздың денсаулығына қатысты болып отыр. Қазақстанда тиімді, қауіпсіз, тегін вакциналар бар. Сіздерден түсіністік танытып, белсенді іс-әрекет жасауды күтемін", – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу