Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

755

Сапар ақпан айының ортасына белгіленіп отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барады. Бұл туралы ЕО-ның еліміздегі баспасөз қызметіне сілтемемен Интерфакс-Қазақстан хабарлады. 
"ЕО Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақпанның ортасында Брюссельге жасайтын ресми сапарын тағатсыздана күтіп отыр", – делінген өкілдіктің ресми мәлімдемесінде. 

Бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Тоқаев Бельгия астанасына осы жылы сапарлай барады деп жариялаған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу