Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен кездесті

388

Кездесу барысында сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-кувейт ынтымақтастығының даму перспективалары талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің тақ мұрагерімен кездесті Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің" бірінші саммиті аясында Кувейт Мемлекетінің тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Кувейтпен байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Айтуынша, Қазақстан екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі және барлық басым бағыт бойынша өзара іс-әрекетке тың серпін беруге дайын.Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах Астана мен Әл-Кувейт арасындағы достық және өзара тиімді қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға дайын екенін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеует бар екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу