Президент Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновты мерейтойымен құттықтады

210

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын мерейтой иесіне Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Президент Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының төрағасы Мереке Құлкеновты мерейтойымен құттықтады Фото: ҚР Жазушылар Одағы

Кездесуге Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, жазушы Хайриддин Сұлтанов пен Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Матчанов Раушанбек қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Көп жыл республикалық газет-журналдарда қажырлы қызмет атқарып, халқымыздың мәдени-рухани байлығын еселей түсуге атсалыстыңыз. Отандық баспа ісінің дамуына үлес қосып, оқырман сұранысына сай сапалы кітаптардың жарыққа шығуына айрықша еңбек сіңірдіңіз.

Адамзатқа ортақ тақырыптарды арқау еткен прозалық, публицистикалық және драмалық шығармаларыңыз әдебиетсүйер қауымның жоғары бағасын алды."

Бүгінгі таңда Жазушылар одағының беделін нығайтуға, Қазақстан қаламгерлерінің тартымды туындылары ел ішінде және шетелде кеңінен танылуына күш-жігеріңізді арнап келесіз.

Алдағы уақытта да қоғамдық-саяси істерге белсене араласып, ел-жұрттың сый-құрметіне бөлене беріңіз", – делінген құттықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу