Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісін қабылдады

649

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңа елшісін қабылдады

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонмен арадағы кең ауқымды стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытудың маңызды екеніне назар аударды.

Президент Америка Құрама Штаттары Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы екенін, энергетика, ауыл шаруашылығы және жаңа технология салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың белсенді дамып келе жатқанын атап өтті. Екі ел арасында айтарлықтай құқықтық-шарттық база қалыптасқан. Мәдени-гуманитарлық және білім салалары бойынша табысты ықпалдастық орнаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ержан Ашықбаевқа Президент Джозеф Байден әкімшілігімен өзара тиімді ынтымақтастықты жолға қоюға  бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу