Президент Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айтты

165

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айтты Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент көрнекті өнер қайраткері, режиссер-сценарист, І дәрежелі "Барыс" және "Парасат" ордендерінің иегері Есмұхан Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты. Жауапты лауазымдарды абыроймен атқарып, мәдениет көкжиегін кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсады, – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу