Президент Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жаңа директорын тағайындады

97

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Президент Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының жаңа директорын тағайындады Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды.

Жандос Нұрланұлы Шаймарданов 1987 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Йорк университетін (Ұлыбритания), IE университетін (Испания) бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы қызметінен бастаған.

2010-2013 жылдары – "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ менеджері.

2013-2014 жылдары – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Мемлекеттің міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты басқармасының бас сарапшысы.

2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры.

2016-2019 жылдары – Департамент директоры, "Бәйтерек" ҰБХ АҚ басқарушы директоры.

2019–2020 жылдары – "QazTech Ventures" АҚ басқарма төрағасы.

2020-2022 жылдары – ҚР Ұлттық банкі Ақша-несие саясаты департаментінің директоры.

2022-2023 жылдары –ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы.

2023-2025 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу