Президент кеңесшісі тараздық студенттермен кездесу өткізді

561

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.  

Президент кеңесшісі тараздық студенттермен кездесу өткізді Фото: gov.kz

Мәлік Нұржанұлы қазіргі жаһандану дәуірінде саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастарды кітап оқуға ынталандыру, қоғамдық сананы дамыту бағытында ойларын ортаға салды. Заман талабына сай жастарға білімдерін шыңдауға, ақпараттық сауаттылықты арттыруға кеңес берді. Өнерлі студенттердің ғылыми жобаларымен танысып, ізденістеріне куә болды.

Жастармен ашық диалог құрған кездесуде белсенді студенттер Мәлік Отарбаевқа сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ "Атлақ шайқасының тарихи мәні мен орны" атты тақырыпта сала мамандарымен кездесу өтті. Биыл Талас шайқасына байланысты негізгі төрт бағыт – тарих, дін, экология, туризм саласын қамтитын халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы мәселе көтерілді. Өз кезегінде Мәлік Нұржанұлы бұл ұсынысты қолдап, жоғары деңгейде өткізу керектігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу