Президент Көлік министрін қызметінен босатты

341

Президент тиісті жарлыққа қол қойды.

Президент Көлік министрін қызметінен босатты Фото: kazpravda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбыл қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын (Италия) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, мұнай әкімшілендіру магистрі.

"Еңбек" компаниясының бас директоры (1991-1997)

Қазақстан кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры (1997-1998)

"Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

"Жолаушылар тасымалы" ДП директоры (1998-2000)

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ бірінші вице-президенті (2000-2002)

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Инжинирингтік және сервистік қызметтер департаментінің директоры (2002-2004)

"ТеңізСервис" ЖШС бас директоры (2004-2007)

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ мұнай тасымалдау бойынша басқарушы директоры, сервистік жобалар бойынша басқарушы директоры (2007 ж. шілде – 2010 ж. маусым)

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (18.05.2011 – 25.08.2014)

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің орынбасары (14.08.2014 – 10.2016)

Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөніндегі ұйымдастыру комитеті штабының жетекшісі (2017)

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімі (11.2017 – 06.2018)

ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісі (01.2019 – 04.2021)

"ҚТЖ" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы (2021-2026)

Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды (03.09.2026)

Білімі:

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1991)
Мамандығы: экономист

ЭНИ-Аджип мұнай өнеркәсібі оқыту орталығы, Милан (Италия) (2001-2002)
Мұнай әкімшілігі магистрі

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті, магистратура (2016)
Мамандығы: "Әскери және мемлекеттік басқару"

Марапаттары:

Мерейтойлық медалі: "Қазақстан Республикасы

Мерейтойлық медалі: "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы"

Ордендері: "Құрмет" (2007), "Парасат" (2016)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу