Президент көлікті мас күйінде жүргізгендерге жазаны қатаңдатуды тапсырды

1523

Сондай-ақ, мал ұрлағандарға да жаза қатаңдамақ.

Президент көлікті мас күйінде жүргізгендерге жазаны қатаңдатуды тапсырды

"Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет",– деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Қазіргі уақытта мас күйде көлік жүргізгендер 30 тәулікке дейін қамалады, сондай-ақ, 10 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу