Президент көрнекті ғалым Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

57

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент көрнекті ғалым Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады Фото: informburo.kz

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, белгілі қоғам қайраткері Жабайхан Әбділдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Мемлекеттік сыйлықтың, "Парасат" және ІІ, ІІІ дәрежелі "Барыс" ордендерінің иегері Жабайхан Әбділдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. 

– Жабайхан Мүбәрәкұлы философия ілімінің өрісін кеңейткен күллі ғылым қоғамдастығына танымал ғалым, ұлтжанды тұлға еді. Ұстаздық жолында сүбелі еңбектер жазып, зерделі шәкірттер тәрбиеледі. Ел егемендігін нығайтуға елеулі үлес қосып, іргелі істерге белсене атсалысты, – деп жазылған жеделхатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу