Президент Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

1024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды. Құжат мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды:  

Президент Парламенттің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

"Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Жетінші  шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 14 қаңтар

                         № 489"

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу