Президент күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін бақылауды тапсырды

140

Аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелді.

Президент күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін бақылауды тапсырды Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін бақылауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу