1959 жылы 20 сәуірде Страсбургте қабылданған конвенция Қазақстанның қылмыстық істер бойынша халықаралық құқықтық ынтымақтастығын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құжатқа қосылу арқылы Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелде жүрген тұлғалардан дәлелдемелер алуға, сондай-ақ заңсыз жолмен шетелге шығарылған активтерді қайтаруға мүмкіндік алады.
Бұл, әсіресе, трансұлттық қылмысқа қатысты істерді тергеу кезінде халықаралық өзара іс-қимылды жеделдетіп, оның тиімділігін арттыруға бағытталған.
Конвенцияны ратификациялау туралы заңның толық мәтіні баспасөзде жарияланады.