Президент Қытайдың мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен бірге Мәдениет орталығын аралады

170

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Президент Қытайдың мәдениет және туризм министрі Сунь Елимен бірге Мәдениет орталығын аралады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа кітапхана, қазақ тілі, музыка және шығармашылық кабинеттері таныстырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көрме залына Қазақстанның ежелгі сақ дәуірінен бастап XX ғасырдың бас кезіне дейінгі тарихынан сыр шертетін экспонаттар мен артефактілер қойылған.

Экспозиция археологияға, зергерлік бұйымдарға, қару-жарақ жасау өнеріне, ұлт аспаптарына және этнографияға арналған 5 бөлімнен тұрады.

Орталықтың кітапхана қорында қазақ, қытай, ағылшын және орыс тілдеріндегі мыңға жуық кітап бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу