Президент: Мәселені көтере отырып, оның шешімін де қатар ұсыну қажет

375

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында өте маңызды тақырыпты қаузады.  

Президент: Мәселені көтере отырып, оның шешімін де қатар ұсыну қажет Фото: Ақорда

Бұған дейін де елімізге популистер немесе мансапқорлар емес, нағыз патриоттар қажет екенін айтқан еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Осы тұста, тағы бір мәселеге айрықша назар аударғым келеді. Сіздер әрдайым халықпен тікелей байланыста болуларыңыз керек. Қиындықтан тайсалмай, күрделі мәселелерді батыл көтеру қажет.

Жұртты алаңдатқан мәселелерді терең зерттеп, қоғамдық талқылардың бел ортасында жүру маңызды. "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұғырнамасы осындай ашық диалог арқылы жүзеге асады.

Қоғамдық сенімді күшейтудің, яғни ұлттық бірегейлікті нығайтудың бұдан басқа жолы жоқ. Сондықтан, әр мәселеге тыңғылықты дайындықпен кірісу қажет.

Халқымыз "Сын түзелмей, мін түзелмейді" деп бекер айтпаған. Бірақ, басты талап: кез келген сын шынайы болуы тиіс. Мәселені көтере отырып, оның шешімін де қатар ұсыну қажет, – деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Кеңестің әр мүшесі қарапайым этика нормаларын қатаң ұстануы керек екенін және Халық Кеңесі өкілдері жоғары саяси мәдениеттің озық үлгісін көрсетуге тиіс екенін ашық айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу