Президент: Моноқалалардағы халық санының азаюын тоқтату мүмкін емес

724

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған кеңес өткізді. 

Президент: Моноқалалардағы халық санының азаюын тоқтату мүмкін емес

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жекелеген моноқалалардағы халық санының азаюын тоқтату мүмкін емес, бірақ көші-қон процестерін бақылауға алу қажет деп санайды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

"Моноқалалар халықтың облыс орталықтары мен басқа қалаларға кетуімен сипатталады. 1999 жылдан бері моноқалалардағы халық саны 3 млн-нан 1,5 млн адамға дейін екі есеге қысқарды. Негізінен халықтың экономикалық тұрғыда белсенді жастар көшіп кетіп жатыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бұл ретте ол моноқалалардағы егде жастағы тұрғындардың үлесі 11%-дан асса, республика бойынша орташа көрсеткіш 7,8%-ды құрайтынын атап өтті.

"Өкінішке қарай, жекелеген моноқалалардағы халық санының азаюын тоқтату мүмкін емес. Мұндай қалаларда қараусыз қалған пәтерлер мен үйлер пайда болуда. Сонымен қатар нысандарды ұстау мен коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындар бұрынғы деңгейде қалып отыр. Сондықтан ел ішінде де, моноқалалардағы да көші-қон процестерін бақылауға алу маңызды. Біз жекелеген моноқалалардың әлеуетінің толық таусылуын күте алмаймыз", – деді Президент.

Сонымен қатар Президент моноқалалардағы инженерлік инфрақұрылымның жай-күйіне тоқталды.

"Моноқалалардағы инженерлік инфрақұрылымның жай-күйі өте нашар. Су құбырлары мен кәріз желісінің тозуы орташа есеппен 61%-ды құрайды. Ал Арқалық, Балқаш, Шахтинск, Теміртау қалаларында тіпті 90%-ға дейін жетеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу