Президент орынсыз шығынның алдын алу үшін ЖИ-ді пайдалануды ұсынды

Мұндай ұсынысты Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында жасаған.

Президент орынсыз шығынның алдын алу үшін ЖИ-ді пайдалануды ұсынды Фото: dknews.kz

Бұл өз кезегінде бюджет қаражатын жоспарлау мен басқару сапасын арттыра түспек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджет саясатын реттеу маңызды.

Былтыр қабылданған Бюджет кодексі мемлекет қаржысын тиімді басқаруға және қаржылық тәртіпті күшейтуге мүмкіндік берген.

– Дегенмен шығындардың жыл санап көбейіп бара жатқанын ескерген жөн. Сол себепті, қазына қаржысын жоспарлау және басқару сапасын одан әрі арттыру қажет. Орынсыз, тиімсіз шығындардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндігін пайдаланған дұрыс, – деді Президент.

Сонымен қатар, мемлекеттік қазына жүйесін толыққанды цифрландыру жұмысын аяқтау қажеттігі де сөз болды. 

– Бюджет қаражатын басқарудың ортақ әдіс-тәсілдерге негізделген, автоматтандырылған жүйесін құру қажет. Үкімет пен Ұлттық Банктен нақты ұсыныстар күтемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу