Президент отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, ризашылығын білдіруде

777

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында хабарлады.  

Президент отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, ризашылығын білдіруде

"Жыл табалдырықтан аттады. Барша отандастарымыз Жаңа жылды қазіргі жағдайға сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өз шаңырақтарында қарсы алды. Бұрынғыдай үй-үйге қонаққа барып, қаланы аралап, алаңға жиналып, мерекелік көңіл-күйдің жоғары нотасын ұстап жүретіндей емес.

Осындай кезде отандық телеарналар халыққа уақытты тиімді өткізудің жолын ұсынып, мерекелік бағдарламалар жасады. Барлық бағдарламалардың басынан соңына дейін ән мен әзіл, танымдық ақпарат қатар өріліп, жұртқа жаңажылдық көңіл-күй сыйлай алды. Отандық эстрада жұлдыздары осынау қиын кезде экранның арғы бетінен халықтың көңілін көтеріп, ақжарма тілектерін әуезді әуенмен жеткізді. Нағыз мерекелік атмосфераны қалыптастыра алды.

Бір бағдарламаның артында тұтас ұжымның үлкен еңбегі жатқанын білеміз. Еңбек ақталды, бағдарламалар көрермен көңілінен шықты деп сенеміз. Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы отандық телеарналардағы бағдарламаларды көріп, көңілі толып, ризашылығын білдіріп жатқанын айтқым келеді" деп жазды ол.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу