Президент пайдасы көп әрі тиімділігі жоғары дақылдарды өсіруге басымдық беруді тапсырды

140

Елімізде егістікті әртараптандыруды жалғастыру керек.  

Президент пайдасы көп әрі тиімділігі жоғары дақылдарды өсіруге басымдық беруді тапсырды Фото: akorda.kz

Ақмола облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің қолдау тетіктерін тиімді пайдалану қажет екенін атап өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысы келесі жылғы егіс науқанында жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын ерте бастан қолға алу маңызды деп санайды.

– Пайдасы көп әрі тиімділігі жоғары дақылдарды өсіруге басымдық бере отырып, егістікті әртараптандыруды жалғастыру керек. Бұл егін шаруашылығындағы өнім көлемін ұлғайтып, мол табыс табуға мүмкіндік береді. Үкімет пен әкімдер егін жинау кезінде шаруаларды жанар-жағармаймен үздіксіз қамтамасыз етіп, қаржы мен қажетті техниканы уақтылы алуына жағдай жасауы қажет. Күн райына қарамастан, егінді мүмкіндігінше шығынсыз жинап алған жөн, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу