Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады
Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық.
Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу