Президент ресми кездесу өткізу үшін халықаралық конгресс орталығына келді

462

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды. 

Президент ресми кездесу өткізу үшін халықаралық конгресс орталығына келді Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі халықаралық конгресс орталығында өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары орындалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.

Бұған дейін, Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу