Президент сайлауы күні елордада жәрмеңкелер ұйымдастырылады

747

Азық-түліктердің бағасы нарықтағыдан 10-15%-ға төмен болмақ.

Президент сайлауы күні елордада жәрмеңкелер ұйымдастырылады

8 және 9 маусым күндері елорданың бірнеше жерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Азық-түліктердің бағасы нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі "Қазақстан" спорт кешені аумағында, Сауран көшесі, 7А мен 5 үйдің арасындағы алаңда, сондай-ақ, Қосшығұлұлы көшесі, 14 және 189 көшесі, 5 мекенжайында өтеді.

"Барлық жәрмеңкеде тексеру таразысы орнатылады. Ал мұндай іс-шаралардың жұмысын жетілдіру үшін әрбір келуші пікірін шағымдар мен ұсыныстар кітабына жазып қалдыра алады. Сонымен қатар, әкімшілер келушілердің ыңғайлылығы үшін сапалы қызмет көрсетуді қадағалау мақсатында сауда орталығын аралап жүреді",– делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу